26
май
2018
"Соңғы қоңырау" салтанаты
Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде «Соңғы қоңырау» 25.05.17ж. сағ: 9:00- де «Рухани жаңғыру» аясында және елордамыз Астананың 20 жылдығын негізге ала отырып, мектеп жанындағы алаңда өткізілді. Салатанатты жиынға 1,9-11 сыныптарының барлық оқушылары сапқа тұрғызылды. Мектеп алаңы банерлермен, шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен безендірілді.Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынға ардагер ұстаздар,ата-аналар,ұстаздар қатысты. Соңғы қоңырауға Жамбыл облысы әкімдігінің шаруашылық бөлімі басшысы А.Телеубаев, мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ускенбаева Сауле Ауесханқызы қонақ болып,түлектерге ақ жол тілеп жылы лебізін білдірді. Мектеп директоры Сламов Ғалым Тобатайұлы сөз сөйлеп, түлектерге ақ жол тілеп, республикалық ,облыстық, қалалық байқаулардан жүлделі орын алған оқушыларды марапаттады. «Соңғы қоңырау» ұру салтанаты 11 «Б» сынып оқушысы Криницын Илья және 1 «Ә» сыныбының озат оқушысы Лесхан Аружанға берілді, 1 сынып бүлдіршіндері «Жас түлектер - 2018» бітіруші түлектерді соңғы сабағына ақ тілектермен шығарып салынды. Барлық сынып жетекшілер «Соңғы қоңырауға» арналған сынып сағаттарын өткізді.
[center]
[center]