"Рухани жаңғыру" бөлімі » СШ №29
Қабылдау бөлімі :
+7(726)246-49-38
Есепші бөлімі:
+7(726)246-49-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Рухани жаңғыру" бөлімі
27
март
2018

"Рухани жаңғыру" бөлімі

Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген іс шаралар туралы
Мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттауға арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша бір қатар жұмыстар жүргізілді. Мектеп ғимаратының сыртқы келбетіне Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында банер ілініп, мектептің І қабатындағы дәлізіне арнайы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үлкен стенд орнатылды. Мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында кітапханашылар арнайы бұрыш ұйымдастырды.Кабинеттерде сынып жетекшілер «Рухани жаңғыру» тақырыбында насихат бұрыш жабдықтады. Бағдарламаны насихаттайтын арнайы тарих кабинеті жабдықталды. Білім бөлімі Жамбыл облысы білім басқармасының 2017 жылғы 29 тамыздағы №02-2987 хатына сәйкес Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде 2-қыркүйек күні Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында мектеп директоры Ғ.Т.Сламов «Мен –өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында ашық сабақ өткізді.Оқушыларға «Болашаққа бағдар» атты видеофильм көрсетілді.Оқушылар сабаққа белсене қатысып Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы бойынша өз пікірлерімен бөлісті.Ашық сабақ қызықты және жоғары дәрежеде өткізілді. Барлық сынып жетекшілер мемлекеттік рәміздер туралы «Білім күніне» арналған «Болашаққа бағадар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы сынып сағаттарында насихаттау жұмыстары жүргізілді. 3 «Д» сынып жетекшісі Д.Жұматаева «Латын әліпбиі-ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 5 «В» сынып жетекшісі А.Байжулова «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыруымыздың бастамасы.Заманауи мектеп бейнесі» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізсе, 6 «Ә» сынып жетекшісі Ж.Аралбек «Латын әліпбиі-ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым тілінің өзегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 8 «А» сынып жетекшісі Ж.Бекназарова «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 9 «Ә» сынып жетекшісі А.Нұрбекова «Латын әліпбиі» тақырыбында сынып сағатын өткізсе, 9 «Б» сынып жетекшісі А.Таукенова «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 11 «А», «Ә» сынып жетекшілері А.Қалмырзаева, А.Мамасерикова «Латын әліпбиі» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. 6 «Ә» сынып жетекшісі Ж.Аралбек «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізсе, 9 «А» сынып жетекшісі Д.Е.Ускумбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың бір тетігі-кәсіптік мамандақты дұрыс таңдау» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп ұжымы тарапынан бір қатар оқушыларға кеңсе заттарымен көмек көрсетілді. Пән бірлестіктері аз қамтылған көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыларды қажетінше киімдермен және аяқ киіммен қамтамасыз етті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектептің бір топ ұстаздары оқушыларымен ұстаз-зейнеткерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтап қайтты. 30.09.17ж 5 «Ә» сынып жетекшісі Қ.Мұқатаева және аға тәлімгер А.Назарханова «Жас Ұлан» ұйым мүшелерімен Ұлы Отан соғысының ардагері И.И.Молнардың үйіне барып мерекемен құттықтап үй шаруасына көмектесіп қайтты. 02.10.17 ж аға тәлімгер А.Назарханова және «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері ұстаз-зейнеткер Л.Королева және Н.Казанцеваны, 3 «Б», «Д» сынып жетекшілері Б.Жақсыбай, Д.Жұматаева ұстаз-зейнеткер Қ.Қыстаубаеваның, 5 «А», 6 «Ә» сынып жетекшілері З.Өксікбаева, Ж.Аралбек Мусоргский 108 мекен жайына ұстаз-зейнеткер А.Сороквашинаның, 5 «Д», «Е» сынып жетекшілері Т.Адеева, А.Оштанова Т.Леонтьеваның, 6«Г»,«Д» сынып жетекшілері Г.Ахметова, Ф.Ибрагимова ұстаз-зейнеткер Г.Гуськованың, 7 «А», «Ә» сынып жетекшілері Г.Ермашова, И.Шалдамбаева Мусоргский 162 мекен жайында тұратын зейнеткер–ұстаз Т.Колтунованың, 8«Ә» сынып жетекшісі С.Қалмырза Тажибаев 53 мекен жайына ұстаз-зейнеткер Н.Боброваның үйлеріне барып мерекелерімен құттықтап шағын сыйлықтармен ұстаздарға арналған өлеңдерін оқып берді. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің 27.11.17ж №01-11/748 хатына сәйкес 2017 жылдың 30 қараша күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған «Туған жер-туған ел» тақырыбында оқушылар арасында интерактивті сабақтар өткізілді. 5 «Е», 6 «Г»,7 «Д» сынып жетекшілері А.Оштанова, Г.Ахметова, Д.Базенова №13 кабинетте «Туған жер-туған ел» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізіп бейнефильмін көрсетіп, оқушылар арасында насихат жұмысын жүргізді. 4 Ә», «Е» сынып жетекшілері Ж.Қилыбаева, А.Балкибекова мәжіліс залында 3-4 сынып оқушылары арасында ашық интерактивті сабақ өткізіп, «Туған жер-туған ел» бейнефильмін басшылыққа алып Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша түсіндірме жұмыс жүргізіп концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді. 2 «Е» сынып жетекшісі С.Дауешова «Туған жер-туған ел» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. 3 «В», «Г», «Д» сынып жетекшілері А.Шубаева, А.Ажибаева, Д.Жуматаева Облыстық интерактивтік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау бойынша бейнефильмді көрсетіп ашық сынып сағатын өткізді. 7 «А», «Б» 8 «А», 9 «Ә»,10 «А», 11 «А» сынып жетекшілері Г.Ермашова, Ж.Бекназарова, А.Нұрбекова, М.Асылбекова, А.Қалмырзаевалар «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» арналған ашық сынып сағатын өткізді. Аға тәлімгер А.Назарханова «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне» орай қалалық «Жас Ұлан» ұйымының салтанатты жиынына 8 «А» сынып оқушысы А.Исламды қатыстырып салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өткізілген ашық «Туған жер- туған ел» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағаты Жамбыл Тараз газетінің 13.12.17 күні №50 (1390) санында бастауыш сынып мұғалімі К.Смайлованың «Әр сабақта тәлім бар» мақаласы жарияланды. Мектепте «16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне» орай іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Мереке Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізілді. Кітапханада «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан!» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды. Мектеп дәлізінде «Біз тәуелсіз елдің бақытты балаларымыз» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 8 «Ә» сынып жетекшісі С.Қалмырза оқушылары «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тарихи шығарма жазып «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты сынып сағатын өткізді. 8 «Д» сынып жетекшісі О.В.Зеленская «Мой Независимый Казахстан» тақырыбында оқушылары эссе жазды. 9 «Г» сынып жетекшісі Б.Ж.Кутумбетова «Независимость Республики Казахстан» тақырыбында оқушылар арасында шығарма байқауын өткізді. 3 «Д» сынып жетекшісі Д.Ж.Жуматаева «Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында ашық тәрбие сағатын мәжіліс залында жоспар бойынша уақытылы өткізді. Оқушылары сынып сағатына белсенді қатысып, мұғалімнің оқушылармен байланысы талапқа сай болып сабақ патриоттық тұрғыдан өз мақсатына жетті. Д.Жуматаева «Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында өткізген тәрбие сағатын Жамбыл Тараз газетінің 21.12.17ж №51 (1391) санына «Балалар-ел тірегі» тақырыбында мақаласын ата-аналарымен бірлесіп жариялады. Осы өткізген жұмыстан Д.Жуматаеваның ата-аналармен байланысы өз дәрежесінде екені байқалады. 2 «А» сынып жетекшісі А.Қайнарбекова «Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат» тақырыбында ашық сынып сағатын жоғары дәрежеде өткізді, сабақта оқушылармен бірнеше әдіс тәсілдерді қолданып оқушыларға логикалық ой өрісін дамытуға топтық тапсырмалар түрлерін патриоттық сезімді қалыптастыруға байланысты жұмыс жүргізді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив