20
март
2018
Білім беру мекемесі туралы ақпарат
Білім беру мекемесі туралы жалпы ақпарат.
Ю.Гагарин атындағы №29 мектеп 1972 жылы құрылған. Мекен жайы: Прманов көшесі, 138. Мектеп директоры: Ғалым Тобатайұлы Сламов. Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектеп бойынша 69 сынып комплексінде – 1594 оқушы білім алуда. Мектепте оқу-тәрбие жұмысына 137 педагог қызметке тартылған. Олардың 94 % жоғарғы білімді мамандар. Сынып жетекшілер – 69 оқытушы. Мектепішілік үйірмелерде – 1008 оқушы, мектептен тыс үйірмелерде – 280 оқушы қамтылған. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны - 261 (аз қамтылған оқушылар саны). Ата – ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны - 29 оқушы. Білім беру секторы – барлық елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Білім беру үрдісін реформалаудың, мамандарды даярлаудың барлық денгейлері мен бағытын қамтуы инновациялық қызмет үшін, білім берудің барлық түрлерінің материалдық- техникалық және әдістемелік базасын ұлғайту шаралары іске асырылуда.
Мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды. Мектепте 6 интерактивті тақталы кабинет, және компьютерлермен қазіргі заман талабына сай жабдықталған 2 информатика кабинеті, химия, физика биология кабинеттері жұмыс істейді. Мектепте dual-ap арқылы 2 телефон нүктесі интернетке қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы 30-56 кб/c. Мектеп мұғалімдерінің 100 % компьютерлік техникамен жұмыс жасауға қол жеткізді.
Мектепте 2 спорт залы типтік жобада. Мектеп жанында футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Мектепте типтік жобадағы 100 орынды мәжіліс залы , 100 орынды асхана және мектеп кітапханасында 30 орынды оқу залы бар. Оқушылар білім сайыстарына қатысады, ғылыми жұмыстарымен айналысады. Қазіргі мектеп базасының материалдық-техникалық жай-күйі қазіргі заманның талаптарына сай. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылар білімінің, шеберлілігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі мектепте пәндік кабинеттің болуы. Мектептегі 33 оқу кабинетінің 30-ы, яғни 80% заман талабына сай жабдықталды. Мектепте «Өзін-өзі тану» кабинеті ашылып, талапқа сай жабдықталды.
Мектеп ұжымының ауызбіршілігімен ынтымақ бірлігі жақсы қалыптасқан. Мұғалімдердің басым көпшілігі өз пәнін жетік біледі, өз мамандықтарына, өз ісіне шын берілген пәні бойынша білімдерін үзбей көтеріп отырады.
Балаларға экологиялық білім берудегі негізгі орындардың бірі-мектеп болып саналады.