27
март
2018
Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің «1 наурыз-Алғыс айту» күніне арналған іс-шаралар мәліметі
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектепте «1 наурыз – Алғыс айту» күніне байланысты іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Кітапханада «1 наурыз-Алғыс айту» тақырыбында кітап көрмесін кітапханашылар Р.Спендиярова, Г.Жақсылықовалар ұйымдастырды. Сурет пәнінің мұғалімі А.Мұстафина оқушылар арасында «Ұстазыма алғыс» атты сурет байқауын ұйымдастырды. 28.02.2018ж 5 «А», «Ә», «Б», «В» сынып жетекшілері З.Өксікбаева, Н.Жақсылық, Г.Қуанышбекова, А.Байжуловалар Ауған соғысының ардагері Б.К.Сарсенбаевпен «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында кездесу ұйымдастырып өткізді. 01.03.2018ж мәжіліс залында мектеп ұстаздары арасында «Алғыс ризашылық белгісі» атты фестиваль ұйымдастырылып өткізілді.Фестивалға қазақ тілі қазақ әдебиеті пән мұғалімі Г.Азимханова, информатика пән мұғалімі Г.Садырбаева, өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Хусайнова және мектеп алды даярлық пән мұғалімі Г.Тойжановалар қатысып, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерімен таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. 5 «Е» сынып жетекшісі А.М.Оштанова «Алғысым шексіз сіздерге» атты ата-аналар арасында өзге ұлт өкілдерімен кездесу ұйымдастырып өткізді. 4 «А», «Ә», «Б», «В»,«Г», «Д» сынып жетекшілері Г.Айткулова, Ж.Қилыбаева, Г.Ирзаханова, Ш.Шымбергенова, Р.Дүйсембаева, Г.Жунисовалар «Қазақ жерім-туыстық пен татулықтың мекені» тақырыбында оқушылар арасында фестиваль ұйымдастырып өткізді. 3 «Д» сынып жетекшісі Д.Жұматаева «1 наурыз-Алғыс айту күні» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 7 «Ә» сынып жетекшісі И.Шалдамбаева «Алғыс айту парызым» тақырыбында сынып сағатын өткізсе, 7 «В» сынып жетекшісі А.Жұмадилова «1наурыз-Алғыс айту күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 02.03.2018ж 6 «Г» сынып жетекшісі Г.Ахметова «1 марта день Благодарности» тақырыбында сынып сағатын өткізді.