№29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің директоры Г.Т.Сламовтың ата-аналар алдында беретін есебі
№29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің директоры Г.Т. Сламовтың ата-аналар алдында беретін есебі
Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ, олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану, ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын табуды қамтиды. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептерде оқудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады.
2017-2018 оқу жылының басында – 1603 оқушы, мектеп алды даярлық тобында – 163 бала, І жарты жылдың соңында – 1592 оқушы 69 сынып жинақтамасында, ал мектепалды даярлық тобында – 159 бала 8 мектепалды даярлық тобында оқиды. Қазіргі таңда бастауыш сыныпта – 835, орта буында 672, жоғары буында – 85 оқушы білім алуда. 2016-2017 оқу жылының соңында білім сапасы 47,09%-ды құраса, 2017-2018 оқу жылының І тоқсанында – 41,2%, IІ тоқсанда білім сапасы - 47,07%-ды.
Үйде оқытылатын оқушы саны жыл басында - 8, ІІ тоқсан аяғында - 15 бала. Оның 2-уі жеңіл ақыл-ой кемістігі бағдарламасымен, ал қалған 13-і жалпы білім бағдарламасымен оқытылады. 5 бала инклюзивті психикалық дамуының тежелуі бағдарламасымен оқытылады.
«Қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болу керек» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімдеріміз шығармашылықпен жұмыс атқаруда. «Ұстаз ұлы ұғым» десек, осы бір ізгілікті атқа лайық жандар арамызда баршылық. Бүгінгі таңда мектебімізде 133 мұғалім жұмыс атқаруда, олардың 124 жоғары білім, 9 арнаулы орта; жоғары және бірінші санатты мұғалімдер 55% құрайды. Мектеп қажетті оқу – педагогикалық әлуетке ие болып отыр, оқу – тәрбиелік үдерісті іске асыруға барлық қажетті оқу – материалдық базасы бар, оның барлығы облыстық білім беру басқармасының нормативтік құжаттарына сәйкес атқарылады.
2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығындаоқушылардың зияткерлік, шығармашылық байқаулар, қашықтық сайыстарға қатысу нәтижелері; қалалық байқаулардан 20 жүлделі орын, облыстық байқаулардан 3 орын, Республикалық интеллектуалды «Ақбота» марафоннан 38 жүлде, қашықтық сайстардан 32 жүлделе орынға ие болды, сонымен қатар жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, озық тәжірибелерімен ғылыми шығармашылық жұмыстары үшін физика пәні мұғалімі Талканбаева Анар Колановна «Мәңгілік елдің мәртебелі ұстазы», Қайнарбекова Ажар Буршақбаевна «Үздік маман» төс белгілеріне және жас мамандар Байжулова А. Сариева Н. қалалық байқаулардан жүлделе орындарға ие болды.
Жыл басында мектептің тәрбие жұмысының бағдарламысын жүзеге асыруда сынып жетекшілердің алдына мақсаттар қойылған. Мектеп ұжымымен тәрбие жұмысының барлық жоспары ойластырып , оқу жылына апталықтар мен онкүндіктер өткізілді. Жылдық тәрбие жоспары бағдарламасында көрсетілген бағыттарды тереңдете жүргізу мақсатында апталықтар өтті. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, «Қамқорлық акциясы», «Тіл - халық қазынасы» апталығы,Ұстаздар күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні, ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған апталық, Жана жыл мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілді.
Мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттауға арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау бойынша бір қатар жұмыстар жүргізілді. Мектеп ғимаратының сыртқы келбетіне Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында банер ілініп, мектептің І қабатындағы дәлізіне арнайы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» үлкен стенд орнатылды. Мектеп кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында кітапханашылар арнайы бұрыш ұйымдастырды. Кабинеттерде сынып жетекшілер «Рухани жаңғыру» тақырыбында насихат бұрыш жабдықтады. Бағдарламаны насихаттайтын арнайы тарих кабинеті жабдықталды.
Мектепте үйірмелер саны-21 , 1-4 сыныптарда 592 оқушы, 5-9 сыныптарда 416 оқушы, мектепішілік үйірмелерге 1008 оқушы қамтылса, мектептен тыс үйірмеге-280 оқушы қамтылған.
Үйірме жетекшілері оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар арасында әр түрлі байқауларды ұйымдастырады. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жоспарға сай жүргізіледі.
Полиция бөлімшелерінің есебінде тұрған оқушылар- 0, мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны - 6, жайсыз отбасы - 4, аз қамтылған оқушылар саны – 266.
2017- 2018 оқу жылында мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру туралы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 31.08.2017 жыл №1049 бұйрыған басшылыққа ала отырып ақысыз ыстық тамақпен қамтамасыздандырылатын аз қамтылған отбасы – 185 оның ішінде – 266 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Бастауыш сынып (1-4 сынып) – 829 оқушы, ұл – 450, қыз – 379, тегін ыстық тамақпен – 216 оқушы қамтылды.
Орта буын сынып (5-9 сынып) – 689 оқушы, ұл – 369, қыз – 320, тегін ыстық тамақпен – 50 оқушы қамтылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны-31
Бүгіңгі таңда ұжымның алдындағы проблемалары:
-Бастауыш сынып оқушыларына кабинеттердің жетіспеуі
-Орыс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерінің жетіспеуі.