02
февраль
2024
«Білім жолын бастаған - бастауышым бастамам!»-атты бастауыш сыныптар айлығы өтті.
Ю. Гагарин атындағы №29 орта мектебінде қаңтар айының 10-31 аралығында « Білім жолын бастаған- бастауышым бастамам! »-атты бастауыш сыныптар айлығы өтті.Айлықта ашық сабақтар мен қатар сыныптан тыс іс-шаралар,сайыс сабақтар,мәнерлеп оқу, пән бойынша олимпиадалар өтті.Ұстаздар жаңартылған білім мазмұнына сай жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында тиімді,ұтымды пайдалана білді.Сабақ мақсаттары мен мазмұны бағдарлама талабына сай,оқушының мүмкіндігі ескерілді. Әр ұстаз білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда жеке,жұптық,топтық,ұжымдық жұмыстар арқылы жүзеге асырды.Балалар сыныптан тыс іс-шараларға да ерекше ықыласпен қатысты.Осы мақсатты алға қоя отырып,бастауыш сынып ұстаздары өз міндеттерін абыроймен атқарды. Жалпы бастауыш сыныптар айлығы өз дәрежесінде өтті.