26
октябрь
2023
26.10.2023ж. Бракераж комиссиясының асхана жұмысын тексеру қорытындысы
Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде 26.10.2023ж. комиссия мүшелерінің қатысуымен асхана тазалығын, оқушылардың тамақтану сапасын, оқушыларға тегін ыстық тамақтануын ұйымдастырылуын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында ұсынылған ас сол күнгі ас мәзіріне сәйкес келеді және тамақтың мөлшері де сәйкес. Тоңазытқышта тәуліктік сынама ас қойылған. Қоймадағы жармалардың, көкөністердің қалай тұрғандығы да тексерілді. Тегін тамақ ішітін оқушылардың ас мәзірі бойынша тамақтарының сапасы, дәмі, құрамы толық тексерілді.Тексеру кезінде бас аспазшымен бірге қызметкерлердің медициналық кітапшасы және ас өнімдерінің сертификаттары толығымен тексерілді, барлығы талапқа сай.