10
май
2023
13.04.2023ж. бракераж комиссиясының асхана жұмысын тексеру қорытындысы.
Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінде 13.04.2023ж. комиссия мүшелерінің қатысуымен асхана тазалығын, оқушылардың тамақтану сапасын, оқушыларға тегін ыстық тамақтануын ұйымдастырылуын бақылау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілді. Сәуір айынан бастап тағам ұсынушылар ауысты. "АсЭко" ЖШС-ның тағамдарының сапасы, сертификаттарының мерзімі, барлығы тексерілді. Тексеру барысында ұсынылған ас сол күнгі ас мәзіріне сәйкес келеді және тамақтың мөлшері де сәйкес. Тоңазытқышта тәуліктік сынық ас қойылған. Қоймадағы жармалардың, көкөністердің қалай тұрғандығы да тексерілді. Тегін тамақ ішітін оқушылардың ас мәзірі бойынша тамақтарының сапасы, дәмі, құрамы толық тексерілді.