27
май
2020
Біздің мектептің мақтаныштары.
Тараз қаласы Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебі
Мектеп Тараз қаласындағы Прманов көшесінде орналасқан. Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебі 1972 жылы пайдалануға берілген.Мектеп қазақ-орыс тілінде білім береді. Мектебімізде барлығы 1799 оқушы білім алуда. Оның ішінде І ауысымда – 790 оқушы болса, ІІ ауысымда – 873оқушы білім алуда.
Мектебіміздің 2019-2020 оқу жылындағы үлгерім және білім сапасы -70 пайызды құрап отыр.
Қалалық полиция бөлімдерінің есебінде тұрғаноқушылар жоқ. Сондай-ақ, тегін тамақпен 565 оқушы қамтылған. Мектебімізде сыныптар саны 76 , ал мектепалды даярлық сыныптары 6 . Оқу кабинеттерінің жалпы саны – 21. Оның ішінде типтік кабинет саны-17, Ыңғайластырылған кабинеттер саны-4, Пән кабинеттерінің саны-17, компьютерлік сыныптар -2, модификациялық кабинеттер саны- 2. Мектеп асханасы 100 адамға арналған. 130 орынды мәжіліс залымыз бар. Кітапханадағы кітап қоры-56895, кітапханадағы оқу залының сыйымдылығы 16 орын.Мектептің кадрлық құрамы: Жалпы мектептегі мұғалімдер саны – 142. Білімдері бойынша жоғары білімді -133 мұғалім, арнаулы орта білімді – 9 мұғалім. Жалпы мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы 45,7 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, мектебімізде биылғы жылы 11 сыныптар бойынша Алтын белгіге үміткерлер саны 4 оқушы, 9 сыныптар бойынша 10 ерекше куәлік иегерлері бар.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.Осы орайда мектебімізде білімдерін шыңдау мақсатында түрлі пәндік олимпиадаларға, байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленген оқушылар аз емес. 2019-2020 жылдары қалалық пәндік олимпиада математика, қазақ тілі, тарих, биология пәндерінен 4 жүлделі орын,Әбиірбек Ақбаян, Ниязова Халида,Оңғар Динара, Скалкин Александр, қалалық ғылыми жобадан 1-І жүлделі орын 10 сынып оқушысы Құлтаев Жалғас, 4-ІІІ жүлделі орын Әбдісамат Інжу, Чомай Бекислам, Аманбаев Бексұлтан, Абдувалиева Амина иемденіп отырса, облыстық ғылыми жобадан Құлтаев Жалғас ІІ орын иеленіп мектебіміздің абыройын асқақтатты.Мектеп оқушылары Республикалық «Ақбота»интеллектуалдық марафонынан 35 жүлделі орын, Республикалық «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысынан 45 жүлделі орын, Халықаралық ағылшын тілінен «British Bulldog»байқауынан 52 жүлделі орын, Халықаралық «Золотое Руно» интеллектуалды марафонынан 26 жүлделі орын, Халықаралық «Кенгуру» интеллектуалды олимпиадасынан 34 жүлделі орын, Халықаралық «Кемел» интеллектуалды олимпиадасынан 12 жүлделі орын иеленді.Оқушыларымыздың білімге ғана емес, спортқа деген қызығушылықтары да бар.Оның дәлелі қалалық фуболдан мектеп құрама командасы 2-ІІІ жүлделі орын, қалалық «Шекемтас» асық ату спорттық ойынынан 4 жүлделі орынмен марапатталды. Облыс көлемі бойынша мектебіміз экологиялық тірек мектеп. Осы орайда біздің оқушыларымыз қалалық, облыстық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталып келеді. Атап айтатын болсақ, қалалық, облыстық «Жас өлкетанушылар, экологтар» байқауына қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыздың жетістіктері, сондай-ақ, биылғы жылы облыстық «Қызғалдақ-2020» экологиялық видеоролик номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Ахмет Айнара жүлделі ІІ орын иеленіп, тағы бір мәрте мектебіміздің облыс көлемінде экологиялық тірек мектеп екенін дәлелдеді. Таэквандодан республикалық турнирде 6 сынып оқушысы Журавлева Вероника І орын, Стамбул қаласында өткен халықаралық таэквандодан жарыста 6 сынып оқушысы Алтынбек Алим 1І орын иеленсе, Халықаралық, республикалық көркем гимнастикадан бірнеше дүркін жүлделі орындар иегері 4 сынып оқушысы Байбосунова Ильгизаның жетістіктері оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығын айқындай түсуде.
Мектеп мұғалімдері түрлі сайыстар мен олимпиадаларға үздіксіз қатысып отырады. Соның дәлелі Қазақстан интернет олимпиадалары. Әр жыл сайын кезең-кезеңмен ұйымдастырылатын олипиадаларға мектеп мұғалімдері үнемі қатысып қана қоймай, жүлделі орындарды иеленуде.
Атап айтатын болсақ, Республикалық «Педстарт» қашықтық олимпиадасынан 12 мұғалім жүлделі орындармен ,Республикалық қашықтықтан «КИО» олимпиадасынан 16 мұғалім жүлделі орындармен,«НИО» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадасынан 11 мұғалім жүлделі орындармен марапатталды.
“Заман – оқығандыкы” деп алдыңғы буын данышпан қайраткерлеріміз айтып кеткендей, қазіргі жас ұрпаққа білім беру – білікті де білімді ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді.