28
ноябрь
2017
шығармашылық
Жаңартылған білім беру мазмұны мен SMART технологиясы
Бекназарова Ж.К.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бүгінде оқыту сапасын арттыру басты назарда болып отыр. Оқыту сапасы мақсат пен нәтиженің арасалмағы, мақсатқа жетудің өлшемі болып табылады. Бұл анықтамадан оқушылар алдына қойылған мақсатты және олар қол жеткізген нәтижені бірдей бірлікте өлшей алуды үйрену қажеттілігі аңғарылады. Бұдан басқа орташаландырылған емес, жеке тұлғалық сипаты бар, оқыту үрдісінде әр баланың ілгерілеуін көруге мүмкіндік беретін, қажетті басқарушылық мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін технология таңдау қажет. Оқытудың бірізді бағдарлануының негізі жедел кері байланыс болып табылады. Соған сай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:
• мақсаттар қою және оны мүмкіндігінше нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;
• оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;
• қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;
• нәтижені қорытынды бағамдау.
Мұғалім оқытудың берік нәтижелеріне технологиялық тәсілмен қол жеткізу арқылы өзінің педагогикалық шығармашылығына, оқушылардың дамуына көбірек көңіл бөле алады.
Оқу үрдісін технологиялық құрылымдауды түсінудің кілті нақты қойылған мақсаттарға жүйелі түрде бірізділікпен бағдарлану болып табылады. Педагогикалық технологияда мақсаттар қою тәсілдері нәтижелілігімен ерекшеленеді. Оқыту мақсаттары оқушылардың әрекеті арқылы көрсетілген оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалып, әрі мұғалім немесе кез-келген сарапшы нақты тани алатын болу керек.
Айтарлықтай табысты идеяны жүзеге асыруда мұғалім, әдетте келесідей негізгі қиындықтармен кезігеді: оқыту нәтижелерін әрекет тіліне қандай тәсілдермен ауыстыруға болады және бұл ауысудың бір мағыналылығына қалай қол жеткізуге болады? Бұл проблемалар екі түрлі жолмен шешіледі: біріншісі, педагогикалық таксономия жүйесі арқылы мақсаттар жүйесін нақтылау, екіншісі таксономия арқылы мұғалім анықтығы жеткіліксіз ойларды оқыту мақсаттарының мейлінше анық, нақты тіліне ауыстыра алады. Таксономия - белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді, жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру[5, 43].
Иерархиялық жіктелген, ретке келтірілген мақсаттарды қолдану ең алдымен, мұғалім үшін төмендегідей жайттармен маңызды:мұғалім назарының негізгі ойға шоғырлануы, таксономияны қолдана отырып мұғалім мақсаттарды бөліп, құрастырып қана қоймай, ең бірінші кезектегі міндеттерді, әрі қарайғы жұмыстың реті мен келешегін нақтылай отырып, оларды ретке келтіреді; мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетіндегі ашықтық пен жариялылықты әкеледі; нақты оқу мақсаттары мұғалімге олардың ортақ оқу жұмысын түсіндіруге, талқылауға, кез-келген қызығушылық танытатын тұлғалардың анық түсінуіне мүмкіндік береді[6, 252].
Оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемін жасау ол – мақсаттардың дәл анықтамасына жүгіну; неғұрлым сенімді және әділ бағаға қол жеткізеді. Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі.
Қалай болғанда да, мақсатты анықтау мен тұжырымдау үдерісі аяқтала салмайды. Біз бағалау критерийлерін іріктеу мен дәл анықтаудың, мақсатқа жеткеннің ақиқатын бағалау тәсілін анықтаудың маңыздылығына мән беруіміз керек. Ондай критерийлер мақсаттың анықтамасынан келіп шығады, ал тәсілдері – сабақ үшін таңдалған критерийлер бойынша қол жеткен нәтижелерді азды-көпті сенімді бағалау мүмкіндігін береді. Критерийлер мақсатты тұжырымдау кезінде, сабақ басталғанға дейін анықталады.[3, 129] Сабақ соңында қол жеткен нәтижені жоспардағы нәтижемен салыстыра отырып, сіз әрі қарайғы іс-әрекетіңізді кәсіби түрде, нәтижелі жүргізуге қол жеткізесіз.
Білім берудегі технологиялық тәсілдің маңызды ерекшелігі мақсаттың болуы, ол өз кезегінде мұғалімге өз жұмысы мен оқушының әрекетін бағалап, білім беру үрдісіне жедел түрде өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияда мақсаттар нақтылануда. Оның нәтижесінде мұғалімнің нақтылауынан кейін келесі қасиеттерге ие мақсаттар тұжырымдалуы тиіс:
• оқытудың мақсаты, мазмұны және пәннің логикасымен қисынды байланысқан;
• өлшемді (оқитындардың алған білім, білік, дағдысы көлемінде);
• белгіленген уақыттық межесі бар.
М.В. Кларин әдебиеттерге талдау жасай отырып, оқу мақсаттарын қоюдың негізгі тәсілдерін қарастырады[3, 114]
1.Мақсатты зерделеленетін мазмұн арқылы анықтау.
Мақсат қоюдың бұл тәсілі неғұрлым кеңінен танылған дәстүрлі жол болып табылады (мысалы, «Параграфтың мазмұнын оқу...», «Теореманы зерделеу...»). Оқытудың технологиялық тәсілінің жақтастары бұндай мақсаттарды сөзсіз жеткіліксіз деп есептейді, себебі оған қол жеткізілгенін бағалау өте қиын. Дегенмен, бұл мақсаттар қолдануға жарамды, себебі олар оқытудың мазмұнын көрсетіп тұр.
2.Мақсаттарды мұғалімнің әрекеті арқылы анықтау.
Бұндай мақсат мұғалімнің әрекетіне шоғырланады. Мақсатты бұлай қою кезінде өз жұмысына шоғырланған мұғалімнің оқушылар қол жеткізген нәтижені бағалауына мүмкіндігі бола бермейді(мысалы, «Оқушыларды ... таныстыру», «...көрсету», «...түсіндіру». Сөйтіп, мақсат қоюдың технологияланбаған тәсілі еңсерілмейді, тек бүркемеленіп қалады.
3.Мақсаттарды оқушы дамуының зияткерлік, эмоционалдық, тұлғалық үдерістері арқылы қою. Аталған мақсаттар жалпы білімділік мақсаттарды бейнелейді (мысалы, «білігін қалыптастыру (дамыту)», «оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту»). Бұндай мақсаттардың қойылуы мүмкін, бірақ белгілі бір қиындықтармен ықпалдасады. Бір сабақта (тіпті бірнеше сабақтар аясында) білік пен дағды қалыптастыру сияқты мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес, себебі мұғалімнің қолында оны өлшеудің құралы жоқ.
4. Мақсаттың оқушылардың әрекеті арқылы қойылуы.
Мақсаттардың бұндай тұжырымдамасы сабақты жоспарлау мен өткізуге анықтық, белгілілік енгізеді (мысалы, «Сабақтың мақсаты-шешу (орындау, шығару)». Бірақ мақсатты бұлайша етіп қою мұғалімге оқушы қол жеткізген нақты нәтижені анықтауда белгілі бір қиындықтар туғызады[7, 148].
Сонымен, педагогикалық технологияда оқу мақсаттарын қоюдың қандай тәсілдері неғұрлым тиімді болып табылады? Құзыреттіліккке бағдарланған мақсаттарды қоюдың белгілі тәсілі – SMART-критерийлер болып табылады. SMART – бұл «ақылды» мақсаттарды қоюдың бес маңызды критерийлерін есте сақтауға көмектесетін аббревиатура. Ол 1981 жылы Джордж Доран (George T. Doran) енгізген ұғым (1-кесте). Қысқаша айтқанда, ол қойылған мақсат нақты (Specific), өлшене білетін (Measurable), әрекетке негiзделген (Action-oriented), қол жетiмдi (Realistic) және уақытпен шектеулi (Time-bound) болуы тиiс деген қағидалар[4, 94].
SMART аббревиатурасының құрамы 1-кесте.
Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған:
- S pecific (арнайы, нақты);
- M easurable (өлшеуге болатын);
- A ttainable (қолжетімді);
- R ealistic (шындыққа сай);
- T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген).
Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесінің жаңартылған білім беру бағдарламаларында оқыту мақсаттары жоғарыда айтылған тәсілдерге, оның ішінде SMART техникасына негізделіп анықталуда.Оқыту мақсаттары оның анық, нақты (Specific) күтілетін нәтижелері түрінде сипатталған, әрі мақсат қоюдың неғұрлым кеңінен танылған дәстүрлі жолы-мақсатты зерделенетін мазмұн арқылы анықтау қолданылған (мысалы, «шығарманың мазмұнын түсіну, маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтарға жауап беру»). Мазмұн арқылы анықталған оқу мақсаттарының жүйесі сынып жоғарылаған сайын күрделене түседі. Жаңартылған білім беру бағдарламалары жағдайында SMART техникасының өлшемді (Measurable) деп аталатын критериіне қол жеткізу үшін қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар орындалады. Қалыптастырушы бағалауды өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлері беріледі.
Жаңа оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарының жүйесі дерлік қол жетерлік мақсаттар.SMART мақсаттың қол жетімділік (Attainable) критериінің жүзеге асуын педагогикалық әдіс-тәсілдер мен әр пәнге қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар қамтамасыз етеді. «Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» - деген екен белгілі шығыс ойшылы Конфуций.
Оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарының жүйесі оқушылардан шынайы (Realistic) проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Оқу мақсаты мен әр оқу мақсатына арнап таңдалған табыс критерийлерінің тізімі ұсынылған.
SMART мақсаттың белгілі бір уақыттық межемен (Timed) шектелуі білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы оқу мақсаттарының жүйесін құрауымен сипатталады.Ұзақ мерзімді жоспар ортақ тақырып бойынша оқу мақсаттарын бөлімдер бойынша топтайды; орта мерзімді жоспар тілдік дағдыларды (айтылым және тыңдалым, оқылым, жазылым) жақсарту бойынша талаптарды анықтайды;қысқа мерзімді жоспар оқушымен оқу мақсатына жету туралы кері байланысты береді[1,65].
Қазақстан Республикасы жаңартылған білім беру мазмұны мен оқу мақсаттары жүйесінің SMART технологиясына негізделіп анықталуы ХХІ ғасырда қажетті: сыни тұрғыдан ойлау және туындаған мәселелерді шеше білу; ұжымдық жұмыс және көшбасшылық қасиеттері; икемділік және жаңа шарттарға бейімделу қабілеті; бастамашылық және кәсіпкерлік дағдылар;өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты және анық білдіру қабілеті;ақпарат іздеу және табу қабілеті;білімге құмарлық және қиял атты дағдылардың дамуын толық қамтамасыз ететіні анық.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.Астана, 2015.
2. Развитие «педагогической технологии» и проблемы теории обучения.Москва.1984.
3. «Қазақстан Республикасындағы біліктілікті арттыру жүйесінің жаңа үлгісі:тенденциялар және даму перспективалары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары.АО НЦПК «Өрлеу» 2013.
4. Современная школа.Реальное восприятие мира.Составитель БахмутоваН.И., Казахстан, 2010год.
5. Б.Блум.Таксономия Образовательных Целей: Сфера Познания. 1956.
6. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать: Учебное пособие.-4-е изд.-Алматы,2009,-344с.
7. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Искусство преподавания: концепции и инновационные методы обучения: учебное пособие.-Алматы:Қазақ университеті,2011-198 с.

Теги:
жаңа технология