12
июнь
2020
Аттестат тапсыру салтанаты
Бүгін мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше есте қалатын күн. 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесі және аттестатты салтанатты тапсыру
кеші. Биылғы 2019-2020 оқу жылында мектебімізде 54 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қақты. Үлкен өмір жолына қадам басқалы тұрған жас түлектерді мектеп директоры Сламов Ғалым Тобатайұлы құттықтап, құрметпен аттестаттарын тапсырды. Ата -аналар жас түлектерге сәтті сапар тілеп, қажымай, талмай білім берген ұстаздар қауымына шексіз алғысын білдірді