01
ноябрь
2023
"Мейірімді жүрек" атты қамқоршылар және қорғаншылармен кездесу ұйымдастыру
Әрбір перзент ақылды және дана болса,ол өзіне қамқор болып отырған ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды. Біздің қамқоршы ата-аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке тәрбиелейтініне сеніміміз мол. Бар жақсылығын аямай, жылы қанатының астына алып отырған мейірімі мол жандар біздің ортамызда барына қуанамыз. Ю.Гагарин атындағы №29 орта мектебінің әлеуметтік педагогтері Д.Қ.Асқарова мен Б.А.Узбекбаева қамқоршы күніне орай "Мейірімді жүрек" атты тренинг өткізді.