«2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы» » СШ №29
Қабылдау бөлімі :
+7(726)246-49-38
Есепші бөлімі:
+7(726)246-49-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы»
24
май
2021

«2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы»

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы №29  орта мектебі» коммуналдық                мемлекеттік мекемесі



№___ БҰЙРЫҚ


Тараз қаласы                                                                            «24 » мамыр 2021жыл



«2020-2021 оқу жылында мектеп оқушыларының бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 1. Мектеп Жарғысына сәйкес 1-11 сынып оқушыларынан сабаққа бірыңғай мектеп формасын кию талап етілсін.
 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес келеді. Мектепте 1-11 сынып оқушыларының формасы төмендегідей бекітілсін.
 а) Ұлдардың мектеп формасы жақсартылған, тозуға төзімді, антибактериалды, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жүн және мақта маталарынан тігілген:
 -қара-көк түсті пиджак екі түймесімен, артқы кесіндісімен, төселгені бар, сапалы тігіс;
 -қара-көк түсті жилет төрт түймесімен, сапалы тігіс;
 - қара-көк түсті шалбарлар, жебесі бар,сапалы тігіс, еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады;
 -мерекелік жейде, ақ түсті,сапалы тігіс:
 ә) Қыздардың мектеп формасы жақсартылған, тозуға төзімді, антибактериалды, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жүн және мақта маталарынан тігілген:
 - қара, көк түсті пиджак екі түймесімен, артқы кесіндісімен, төселгені бар, сапалы тігіс;
 - қара, көк түсті жилет үш түймесімен,төселгені бар, сапалы тігіс;
 - көк, қызғылт-сары ,ақ тор көзді юбка (шотландка);
 - ұзындығы тізеден төмен тұрады;
 - қара, көк түсті шалбарлар, жебесі бар,сапалы тігіс, еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады;
 - классикалық жейде, ақ түсті, сапалы тігіс:
 Мектеп формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес ұлдарға көк түсті, қыздарға көк, қызғылт-сары ,ақ тор көзді галстук тігіледі.
 б) Мектепте кез-келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді және кез-келген діни артибутикаларды киюге тыйым салынған. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім аксесуарлар киюге тыйым салынады.
 3.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермашова Гулбану Ералиевнаға жүктелсін.
 
 
 

Мектеп директоры :                                                     Ғ.Т.Сламов
 
 
 


Бұйрықпен таныстым, мәтінмен келісемін: Г.Е.Ермашова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив