21
май
2019
127 бап. «Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау»
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша
- ӘҚБтК-нің 127-бабының атауы «Ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау», сондай-ақ көрсетілген баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылады «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау».
- ӘҚБТк-нің 127-бабы бірінші бөлігінде «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау» санкциясын 7-ден 3 АЕК-ге дейін, екінші бөлікте – 20-дан 6 АЕК-ге дейін, әкімшілік қамауды 15-тен 5 тәулікке дейін төмендету.
- ҚК-нің «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау» деген 140-бабының 1-бөлігін алып тастауға байланысты ӘҚБтК-ге «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау» деген 127-баптың жаңа 3-бөлігі енгізіледі (қарау үшін сотқа жібере отырып, хаттамалар толтыру бойынша ІІО құзыреті, 20 АЕК-ге дейінгі айыппұл түріндегі санкция не 10 тәулікке дейін әкімшілік қамақ түрінде).
Анықтама ретінде:
3. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге ұйымның өзіне көрсетілген міндеттер жүктелген басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына әкеп соққан орындамауы – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
- ӘҚБтК-нің «Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері туралы мәліметтерді жасыру не хабарламау» деген жаңа 127-1-бабы енгізіледі.
Норма білім беру, денсаулық сақтау және халықты
әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері туралы хабарламағаны үшін жауапкершілік енгізуді болжайды (әкімшілік материалдарды полиция, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдары толтырады, соттар - қарайды. Айыппұл жеке тұлғаларға 5 АЕК, лауазымды адамдарға -10 АЕК).
Анықтама ретінде: 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылықтар жасау фактілерін хабарламағаны не жасырғаны үшін педагогикалық қызметкерлердің жауапкершілігін көздейтін
ӘҚБтК-нің нормасы жұмыс істейді («Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу» деген 409-баптың
3-1-бөлігі, айыппұл жеке тұлғаларға – 5 АЕК, лауазымды адамдарға – 10 АЕК).
2018 жылы осы бап бойынша 171 педагог әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ӘҚБтК-нің жаңа 127-1-бабын енгізумен байланысты 409-баптың
3-1-бөлігі ӘҚБтК-ден алып тасталды.
2. «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарда және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте педагогикалық, әлеуметтік, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге құқық қорғау органдарына білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс жерде кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлау міндеттері жүктелді.
3. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңға:
- құқық бұзушылықтың жеке профилактикасының жаңа шарасы - «Медициналық-әлеуметтік есепке алу» енгізілді.
Ішкі істер органдарының есебіне алу туралы хабарлама медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады.
Норма жергілікті атқарушы органдарға оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету үшін кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасылардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді (есепке алуды кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар және білім беру басқармалары (бөлімдері) жүргізеді).
Медициналық-әлеуметтік есепке алу адам өмірдің қиын жағдайынан шыққанға дейін, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.
- «Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары» деген
14-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылады:
2. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнайы педагогикалық тәсілді талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар орналастырылады:
1) оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа жетпеуіне не татуласуға байланысты тоқтатылған аса ауыр қылмыстарды немесе екі және одан да көп қоғамға қауіпті әрекет жасаған;
2) егер олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
83-бабында көзделген тәртіпте қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан жағдайларда бас тартылады.;
4. Қылмыстық кодекс бойынша:
- ҚК-нің 120-бабы 3-1, 4-бөлігінде, 121-бабының 3-1, 4-бөлігінде,
122-бабының 2, 3-бөлігінде, 124-бабының 2, 3-бөлігінде көзделген қылмыстар үшін педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салу түріндегі міндетті қосымша жаза енгізу жолымен ҚК-нің
50-бабын толықтыру (Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру);
- ҚК-нің 72-бабы 8-бөлігіне сәйкес келтіру мақсатында ҚК-нің 72-бабы
4-бөлігінің 4) тармағынан (Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату) «не осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және
5) тармақтарында және 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар» деген сөздерді алып тастау;
- ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігінің 3) және 5) тармақтарын бас бостандығынан айыру түріндегі санкцияның төменгі шегін 10-нан 12 жылға дейін, ал жоғарғы бөлігін 15-тен 17 жылға дейін ұлғайта отырып, ҚК-нің жаңа 3-1-бөлігіне ауыстыру.
2) тармақты «Өгей әкесі» субъектісімен толықтыру.
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындау кезіндегі балама алып тасталды.
4-бөлімнің санкциясында бас бостандығынан айырудың төменгі шегі
15 жылдан 17 жылға дейін өсті;
- ҚК - нің 121-бабы 3-бөлігінің 3) және 5) тармақтарын ҚК-нің жаңа
3-1-бөлігіне бас бостандығынан айыру түріндегі санкцияның төменгі шегін
10-нан 12 жылға дейін, ал жоғарғы бөлігін 15-тен 17 жылға дейін ұлғайта отырып ауыстыру.
2) «Өгей әкесі (өгей шешесі)» субъектілері толықтырады.

- ҚК-нің 122-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс субъектілерінің шеңберін «өгей әкесін және өгей шешесін» қосу жолымен кеңейту»;
- ҚК-нің 123-бабын санкцияны қатаңдата отырып, «кәмелетке толмағанға (кәмелетке толмаған) қатысты» саралайтын белгісі бар
2-бөліммен толықтыру: айыппұлдың жоғарғы шегін бір мыңнан үш мың
АЕК-ге дейін, түзеу жұмыстарының мөлшерін бір жылдан үш жылға дейін шектеу не бас бостандығынан айыру сияқты ұлғайту;
- ҚК-нің 124-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс субъектілерінің шеңберін «өгей әкесін және өгей шешесін» қосу жолымен кеңейту»;
- ҚК-нің «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау» деген 140-бабының 1-бөлігін алып тастау.
5. Қылмыстық-процестік кодекс бойынша::
- ҚПК-нің 32-бабына (Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi) түзетулер енгізу арқылы ҚК-нің 123-бабының жаңа
2-бөлігін жария айыптауға жатқызу (Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету);
- ҚПК-нің 36-бабы 3, 5-бөліктерін (Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар) «сотталушыға» деген сөзбен толықтыру, бұл сотталушыны қылмыстық істі қысқартуға қарсы күрес жүргізу мүмкіндігі туралы білуге және мұндай құқықты (ЖС-ның бастамасы) пайдалануға мүмкіндік береді;
- ҚПК-нің 187-бабының 2-бөлігін (Тергеулік) ҚК-нің 123-бабы 2-бөлігіне сілтемемен толықтыру, яғни тергеулікті ІІО тергеушілеріне бекіту;
- ҚК-нің 123-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істерді шешуді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарға бекіту түрінде ҚПК-нің 307-бабын толықтыру (Соттылық) (ЖС-ның бастамасы);
- ҚПК-нің 476-бабын (Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер) кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін көздейтін 5-1-тармақпен толықтыру;
- ҚПК-нің 541-бабы 2-бөлігін (Кәмелетке толмағандарды ұстап алу және оларға бұлтартпау шараларын қолдану) «кәмелетке толмаған адамның жеке басын объективті түрде сипаттайтын басқа да мән-жайларды» деген сөздермен толықтыру, бұл ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының түрін таңдау кезінде ескерілетін ҚПК-нің 138-бабында көрсетілген мән-жайлардың тізбесін кеңейтеді (Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар);
- ҚПК-нің «Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату» деген жаңа 545-1-бабын енгізу.