23
сентябрь
2019
Мой первый учебный год семинар – тренинг c молодыми учителями
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тренингі
Мақсаты: Жас мамандардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.
Міндеті:
1. Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
2. Психологиялық қолдау көрсету.
3. Шығармашылыққа бағыт беру.
Қатысушылар: жас мұғалімдер
Жұмыс түрі: Топтық
Қажетті материалдар: А4 қағаз, қалам, маркер, түрлі-түсті шар
Алтын ереже:
1. Өз ойын ашық айту
2. Өзгелердің пікірін құрметтеу
3. Белсенді әрекет ету.
4. Шынайылық
5. Топтасып жұмыс жасау.
Жоспар:
1. Тыныштық сәті. «Менің болашағым»
2. «Танысу» жаттығуы
3. «Джунглидегі нөсер жауын» жаттығуы
4. «Визитка» жаттығуы
5. Арттерапия
6. «Атомдар мен молекулалар» сергіту жаттығуы
7. Ситуациялық сұрақтар
8. Жас мамандарға психологиялық кеңес
Тренинг барысы:
Кіріспе сөз
Психолог: Құрметті жас маман ұстаздар! Бүгінгі «Жас мұғалімдердің педагогикалық тұлғалық орнын қалыптастыру» атты тренингімізге қош келдіңіздер. Жас ұстаз мектептің болашағы. Ал, болашақ әркез бүгіннен басталатыны сөзсіз. Олай болса, ұжымның шығармашылық өсуі оқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде. Ал, нәтиже оқытып тәрбиелеп отырған балалардың тәрбиелілігі мен білімділігінде.
1. Тыныштық сәті: әуенді музыка ойнап тұрады. Қатысушылар көздерін жұмып, еркін, өзіне ыңғайлы отырады.
«Менің болашағым»
Сіз өзіңізді кішкентай жаңа туған сәби ретінде елестетіңіз. Сіз күн санап өсіп келесіз. Ақырын – ақырын еңбектеп, жүруге даярланып жүрсіз. Бірте – бірте былдырлап тіліңіз де шыға бастады. Сіз уақыт өте келе тіліңіз де айқындалып, жүрісіңіз де нығайды. Мектеп табалдырығын аттап, білім алудасыз. Күнделікті тіршілдік арнасымен білінбей уақыт өтіп, міне мектеп бітірудесіз. Алдыңызда ұлы өмір басталды. Кім болам? Қандай мамандық иесі болам? – деген армандарыңыз бүгін міне орындалуда. Оқуды тәмамдап мектепке жұмысқа келдіңіз. Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз өз жұмысыңызға тиянақты, қызығушылықпен кірісе бастадыңыз. Ортаңыз қолдау беріп, білмегендеріңізге көмек беруде. Арада бірнеше жыл уақыт өтті. Сіз беделді, жақсы атағыңыз шыға бастаған, тәжірибелі ұстақ болдыңыз. Сіз өзіңіз де енді жас мамандарға қолдау берудесіз. Сабағыңызды беріп болып, жайлап үйіңізге қайтып барасыз. Жолда осыншама атақ, нәтижеге қалай жеткеніңізді есіңізге түсіріп келесіз. Міне сол оймен үйге де жеттіңіз. Сіз қуанышты, әрі бақытты сезіммен үйге ендіңіз.
Талдау: Қандай күйде болдыңыз? Жемісті еңбекке қалай қол жеткіздіңіз?
2. Психолог: Бүгінгі тренингімізді танысудан бастайық. Әркім өз есімін және есімдерінің бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.
3. Джунглидегі нөсер жаттығуы.
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
4) Шығармашылық жұмыс. «Визитка»
1) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдағаныңызға сенімдісіз бе?
2) Сіз өз пәніңізді ұнатасызба?
3) Оқыту процесінде қиындық кездессе кімге жолығасыз?
4) Сіз оқушыларыңызбен ортақ тіл табыстыңыз ба?
5) Тәлімгеріңізге көзқарасыңыз қалай?
6) Сіздің шығармашылық мүмкіндігіңіз? (оқушыларды немен қызықтыра аласыз?)
7) Қатты ренжіген сәтіңізде не істейсіз?
8) Ата – анаңызбен қарым – қатынасыңыз қалай?
9) Сіз жұмыстан кейін үйге асығасыз ба?
10) Сізге біздің ұжымда жақсы ма? (қосатын ойыңыз болса)
Соңынан талқылау жүргізіледі
5) Арт – терапия
Психолог: енді келесі жұмысымызға келетін болсақ, ол арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Алдарыңызда берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суреттеріңіз қайта аралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріңе қарай, тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі. Жас мамандардың жалғастырма суреттері бірінің ойынан бірі шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады.
6) « Атомдар мен молекулалар »
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады .
7) Ситуациялық сұрақтар
1) Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата – анасы баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата – ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс – тәсілдерді қолданасыз?
2) Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба?
3) Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің с абағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
4) Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?
5) Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты – қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба?
6) Сіз бүгін қандай бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз жағдаяттан қалай шығасыз?
Қорытынды: "Менің алған әсерім"
Рефлексия:
Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұстазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіріп, шырақты келесі мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.
Психолог: Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Педагогикалық әдеп бойынша әрекет жасайтын мықты мамандарымыздың, жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелейтін жаңа сипаттағы шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап мектебімізде арта берсін, сіздерге тек жеміс пен жеңіс тілей отырып, бүгінгі тренингімізді аяқтаймын. Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілеймін! Кездескенше!
[left][/left]